Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№11 «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» КМҚК
Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№11 «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы» КМҚК-ның ғимараты 2009 жылы 270 орын типтік жобамен салынып, 2011
жылы 120 орын қосалқы ғимарат салынып пайдалануға берілген. Сонымен
қатар Балауса ықшам ауданынан 2022 жылы 280 орындық бөбекжай-бақша
филиалы қолданысқа берілді. Қазіргі уақытта бөбекжайда 25 топ, оның ішінде 550 балалар қазақ тілінде тәрбиеленуде.
Бөбекжай -бақша директоры
Мерекесова Сара Самигуллаевна. Бөбекжайда бала қабылдау 2018 жылдың
қыркүйек айынан бастап INDIGO 24 kz. – электрондық портал арқылы жүзеге
асырылады. Бөбекжай ғимаратының жалпы ауданы 5600 – шаршы метр.
Бөбекжай ғимараты тұрақты жер пайдалану құқығына ие.
Жер учаскесінің
алаңы: 2,5400 га.
Жұмыс күні 5 күндік.
Демалыс күндері:сенбі,жексенбі.
Мекемеде іс-номенкулатурасына сәйкес балалар қозғалысы тіркелетін
қозғалыс журналы, бұйрықтары, бұйрықтарын тіркеу журналы бар. Балалардың
жеке іс-қағаздары тізімге сәйкес жиналған. Ата-аналармен келісім шарт
жасақталып, ата-аналар шарттары тіркеу журналдарына тіркелген.
Бөбекжайдың ең жақын әлеуметтік ортасы- №43 жалпы білім беретін орта
мектеп, И.Тайманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі.
Қызметкерлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020
жылғы 16 қарашадағы № ҚР ДСМ-196/2020 бұйрығына сәйкес жыл сайын
медициналық тексеруден өтіп, арнаулы журналдарға тіркелген.
Педагогтар
саны 60, оның ішінде әдіскер-2,саз жетекшісі -3, дене шынықтыру
нұсқаушылары -4 (1 декреттік демалыста), психолог -1, қазақ тілі
мамаеы-1, бейнелеу маманы -2, тәрбиеші-47(оның 8 декреттік демалыста).
Сонымен қатар : педагог-зерттеуші-1, педагог-сарапшы-1, педагог-модератор- 11, 2санатты педагог-5, 1санатты педагог-1.
Бөбекжай-бақшада балалардың дамуына қолайлы жағдай жасалған.
“Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес шілде айының 7-10 аралығында «Дені сау бала – дені сау ұлт» тақырыбында денсаулық апталығы өткізілді.
“Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету бойынша 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес КМҚК №11 «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасында шілде айының 7-10 аралығында «Дені сау бала – дені сау ұлт» тақырыбында денсаулық апталығы[…]
ары қарай оқу«Заң мен тәртіп» апталығы аясында балабақшамызда ата-аналар мен тәрбиеленушілердің қатысуымен «Ретке келтір» спорттық жарысы ұйымдастырылды.
«Заң мен тәртіп» апталығы аясында балабақшамызда ата-аналар мен тәрбиеленушілердің қатысуымен «Ретке келтір» спорттық жарысы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық[…]
ары қарай оқу«Шынықсаң шымыр боласың»
Сәрсенбі: «Шынықсаң шымыр боласың»(Спорттық ойын-сауық күні)Мақсаты: Балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін (жылдамдық, ептілік, мергендік) дамыту; ұйымшылдыққа, командалық тәртіпке және ережеге бағынуға тәрбиелеу; пайдалы тағамдар туралы білімдерін бекіту.
ары қарай оқу











