Бос лауазымына тағайындау үшін ашық конкурс жариялаймыз.
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білімбөлімінің «№11 «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына сәйкес ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2021 №568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.11.2021ж. №432 бұйрығымен бос лауазым орнына конкурс жариялайды.
Конкурс төмендегідей лауазым бойынша өткізіледі:
Тәрбиеші – 10 штат бірлігі (4 тұрақты, 6 уақытша)
Қазақ тілі маманы – 2 штат бірлігі (тұрақты)
Психолог – 1 штат бірлігі (уақытша)
Орналасқан жері: Атырау облысы, Атырау қаласы, Өркен ықшам ауданы, 43/39 және Балауса ықшам ауданы, 30/90; Байланыс телефоны: 87014637529
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАР КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯҒА МЫНАДАЙ ҚҰЖАТТАР ҰСЫНУЫ ТИІС:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1. конкурсқа қатысу туралы өтініш
2. жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған
Электронды құжат (идентификация үшін)
3. кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты
Тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса)
4. педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға
Қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың
Көшірмелері
5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын
Бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
Міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ- 175/2020
Бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып
Тіркелген)
7. Психоневрологиялық, наркологиялық ұйымнан анықтама
8. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-
Модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің
Біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен (21.07.2021 ж. сәйкес енгізілген өзгерістермен) бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» қағидалары әрі қарай (Қағида) негізінде өткізіледі. «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабында көрсетілген адамдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің №11«Таңшолпан» бөбекжай-бақшасы КМҚ
