“Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” атты дөңгелек үстел өтті.
Атырау қалалық білім бөліміне қарасты #11 “Таңшолпан” бөбекжай-бақшасында “Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” атты дөңгелек үстел өтті. Оған Білім беру басқармасы мен қалалық білім бөлімінің мамандары, ата -аналармен басқа да қонақтар қатысты. Шара кезінде бала құқығы туралы заңдар қаралып, балалардың құқықтарын қорғау туралы негізгі және рәсімдік ережелер талқыға түсті. Оның ішінде өмір сүруге, есімінің болуына, азаматтыққа және т.б ие болу құқықтары, аман -сау отбасылық өмір құқығы, сәбидің жеке басының еркін дамуын қамтамасыз ететін құқық, денсаулығын сақтау нығайту құқығы, білім алу мен даму құқығы, төтенше жағдайларда құқықтары жайлы айтылды. Одан соң тақырыпқа сай командалық сайыстар ұйымдастырылды. Айталық, балабақша тәрбиешілері “Құқық” және “Ата заң” командасы болып, екіге бөлініп өзара сайысқа түсті. Өткізген: педагог психолог: Төлепова Мадина Ермекқызына алғыс білдіреміз.