“Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық дайындығы олардың мектепте табысты болуының шарты ретінде” семинар өтті.
“Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық дайындығы олардың мектепте табысты болуының шарты ретінде” облыстық семинар өтті.
2024 жылдың 28-ақпаны күні КМҚК 11 “Таңшолпан” бөбекжай- бақшасы аясында педагог- психолог Төлепова Мәдина Ермекқызының ұйымдастыруымен “Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық дайындығы олардың мектепте табысты болуының шарты ретінде” тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға Атырау облысы әкімдігі Атырау
блім беру басқармасы балаларға қосымша білім беру оқу- әдістемелік және ғылыми практикалық орталығы басшысы м. а. Е. К. Калихан; сараптау бөлімінің басшысы Тукенова Ш.К және әдіскерлер қатысты. Сондай ақ жеті аудан және қала балабақшаларынан 40 жуық педагог- психолог мамандар мен мектепалды даярлық тобының мұғалімдері қатысты.
Семинардың мақсаты: педагог-психологтарға болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен баласын мектепке дайындауда психологиялық ағарту жұмысының дәстүрден тыс әдісін көрсету.
Семинардың бірінші бөлімінде
“Үміт еткен көзімнің нұры балам” атты ата- аналармен ағарту жұмысы жүргізілді. Шараға 15 ата- ана белсенділікпен қатысып, өз ойларымен бөлісті. Тәжірибелі
педагог- психолог Мәдина Ермекқызы ата-аналарды бірінші сынып оқушыларының проблемаларымен (мектепке бейімделу кезеңінде), олардың себептерімен және түзету әдістерімен таныстырды,ата-аналарды балаларының мүмкін болатын қиындықтарын талдау процесіне тартты,баланы мектепке дайындау бойынша практикалық кеңестер мен ұсыныстар берді.
Екінші бөлімінде МАД тобы тәрбиеленушілерімен “ Мектепке жол” ойын жаттығуы өтті. Мұнда тәрбиеленушілердің танымдық біліктері, математикалық түсініктері, сөйлеуді дамыту мен дыбыстық талдау,мектеп туралы білімдері көрсетілді. Семинар жоғары деңгейде өтті. Соңында барлық қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс орнатылды.