«Заң мен тәртіп» апталығы аясында балабақшамызда ата-аналар мен тәрбиеленушілердің қатысуымен «Ретке келтір» спорттық жарысы ұйымдастырылды.
«Заң мен тәртіп» апталығы аясында балабақшамызда ата-аналар мен тәрбиеленушілердің қатысуымен «Ретке келтір» спорттық жарысы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық бірлік пен ұйымшылдықты арттыру, сондай-ақ балаларды тәртіптілікке, жауапкершілікке, әділдікке және ереже сақтауға тәрбиелеу.
Жарыс барысында қатысушылар белсенділік танытып, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетіп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әр отбасы ұйымшылдық пен өзара қолдаудың жарқын үлгісін көрсетті.
Барша қатысқан ата-аналарымызға белсенділіктері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз! Осындай жарқын сәттер көп болсын!



