29-10-2024
Бейімді кезенде баламен өзін қалай ұстау керек
Балабақшаға барар алдында балаға не үйрету керек
Баланызды балабақщаға Психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек
05-08-2024
КМҚК №11 «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасында КП жұмысының басталуы туралы
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Сіздің балаңыз мектепке дейінгі білім беру мекемесіне барады ма?
Егер жоқ болса, бұл ақпарат сіз үшін!
№11 «Таңшолпан» бөбекжай-балабақшасының базасында отбасыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, мектепке дейінгі білім беру мекемесіне бармайтын балалардың жан-жақты тәрбиесі мен дамуына қолдау көрсету мақсатында ТЕГІН КЕҢЕС ПУНКТІ ашылды. Консультациялық орталыққа хабарласу арқылы сіз тегін, білікті көмек аласыз.
Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелеп отырған, сондай-ақ балалары мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын отбасыларға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету.
Консультация орталығының журналында төмендегідей телефон 8-7122-23-50-10, 8-775-520-77-16 бойынша сіз мамандардың кеңесіне жазыла аласыз.
Атырау қаласы білім бөліміне қарасты, Өркен№ 43/39
№11 «Таңшолпан» бөбекжай-балабақшасына кеңеске
Ж Ү Г І Н І Ң І З
Консультациялық орталық айдың соңғы сейсенбісінде сағат 14.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді. Консультациялық орталыққа келу мүмкіндігіңіз болмаса, көрсетілген телефон нөміріне хабарласып, сізді қызықтыратын сұрақты қоюыңызға немесее сұрақтарыңызды электрондық пошта ds_tansholpan@mail.ru арқылы жіберуіңізге болады.
Ата-аналар оларды қандай мәселе қызықтыратынын көрсетеді және консультация орталығына бару үшін қолайлы уақыт таңдалады.
Көрсетілген тақырып негізінде кімде қажетті ақпарат толық болса сол маманмен кеңеседі. Ата-аналарға мәселенің сипатына қарай бір немесе бірнеше маман бір уақытта кеңес береді.
Консультациялық пунктімізге келу мүмкіндігіңіз болмаса, мына телефон арқылы сұрағыңызды қоюыңызға болады 8-7122-23-50-10, 8-775-520-77-16
БІЗГЕ КЕЛІҢІЗ! БІЗГЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛЫҢЫЗ!
БІЗ СІЗГЕ ӘРҚАШАН КӨМЕКТЕГЕ ҚУАНА ДАЙЫН БОЛАМЫЗ!
Ата-аналар жиналысы